Онлайн Электрик > Электронная конференция «Электроэнергетика. Новые технологии»

Дата приоритета: 02.04.2014
Код ГРНТИ: 44.00.00
Сертификат участника: Скачать
Прислать статью

Орта мектептердегі радиоэлектроника үйірме жұмыстарын жүргізу жолдары

Батырова А.Т., Сүлейменова Т.,
Международный Казахско-Турецкий университет

Қазіргі оқытудың негізгі мақсаты барлық еңбек түрі, формасы бойынша белсенді іс-әрекет қабілетін қалыптастыру. Бұл, оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін басқару құралдары мазмұны мен құрылымына да байланысты. Сондықтанда білім - өзінің негізгі ағартушылық мақсатынан, оқушы тұлғасының дамуы мен оның танымдық іс-әрекетін басқару құралына айналуы керек. Бұл, өз кезегінде, болашақ маман, бүгінгі оқушы өзінің болашақ мамандығында білімді таза күйінде пайдаланудан гөрі, оның нақтылы практикалық жағдайларда қолдана білу қабілетінің болғанын қажет етеді деген сөз. Сол себепті, өскелең жастарды тәрбиелеу жүйесінде сабақтан тыс жұмыстардың әртүрлі формаларының маңызы ерекше.

Сыныптан тыс жұмыстың негізгі бір формаларының бірі – пәндік үйірмелер болып табылады: радиоэлектроникалық, электроникалық, физикалық, физикалық-техникалық, техникалық үйірмелер. Үйірме олимпиада мен кештерге қарағанда құрамында тұрақты оқушылармен үнемі жұмыс жасайды және мұғалімге оқу-тәрбиелік міндеттердің кең шеңберін бүкіл оқу жылы бойында нақтылы жүйеде шешуге мүмкіндік береді.

Сыныптан тыс жұмыстың үш басты бағыты: білім беру, конструктивті-техникалық және оқу-зерттемелік бағыттар дәл сол үйірме жұмыстарында көрініс алады. Үйірме сабағының мазмұны әдетте сабақта алынған білімдер мен шеберліктерді тереңдету және кеңейтуге бағытталған. Мұндай типтегі үйірме жұмысының жоспары оқу жұмысының жоспарымен соншалықты тығыз байланыста болуы мүмкін, немесе едәуір автономды (дербес) болуы мүмкін.

Үйірме – сыныптан тыс жұмыстың негізгі формасы.

Сыныптан тыс жұмыстар физика-техникалық үйірмелер түрінде ең көп, әрі жүйелі өткізіледі. Үйірмелер физикалық (төменгі сыныптарда - «Жас физиктер», «Проекциялық және дыбыстық техника», «Жас конструктор», «Қызықты физика», «Қолдан физикалық приборлар жасау», ал жоғары сыныптарда – «Есеп шығару», «Физикалық теорияларды оқу», «Техниканың физикалық негіздері», «Физика-зерттеушілер», «Физик-экспериментаторлар») және физика-техникалық (электромонтаж, электр, радио, фото, кино, электроника, авто-, авио-, кеме-, моделистер үйірмелері) болып бөлінеді. Үйірмедегі оқушылардың саны 10-15 баладан аспағаны дұрыс. Үйірме жұмысы барлық пәннен мектеп бойынша жоспарлануы қажет. Үйірменің күнтізбелік жоспары, оған қажетті әдебиеттер тізімі физика кабинетінде ілініп тұруы тиіс.

Радиоэлектроникалық үйірмелер мынадай әдістемелік талаптарға сай ұйымдастырылады: 1) үйірмені ұйымдастыру туралы ұсыныс-тілекті оқушылардың өздерінің бергені дұрыс. Ол үшін мұғалім қандай үйірмелер ұйымдастырылатындығын, оларды кімдер және қандай мерзімде өткізетінін, қызықты әдебиеттердің тізімін көрсетіп физкабинетке хабарландыру жазып қою керек, оны әр сыныпта талдап, насихаттау қажет; 2) үйірмеге оқушылар өз қалауымен қатысқаны абзал; 3) төменгі және жоғары сынып оқушылары үшін бөлек-бөлек үйірме топтары болғаны жөн. 4) үйірмедегі балалардың жұмыстарына барынша ерік-ықтияр беру нәтижелі болады; 5) үйірме жұмыстарының тәрбиелік мәніне де (еңбек дағдысы, техникалық мәдениеті, эстетикалық маңызы) жеткілікті мән берген жөн. 6) олардың істеген жұмыс-тарын мектептегі барлық оқушыларға таныстырып (көрме, конкурс, газет) тұру пайдалы; 7) үйірме сабақтарында оқу бағдарламасының міндетін орындауға болмайды.

Үйірме сабақтарын ұйымдастыру. Мұғалім алдымен оқушыларды зерттеп, олардың ішінен физика мен техникаға қызығушылығы бар оқушыларды алуы керек. Мұғалімнің оқушыларды алдын ала жақсы білуі, оған олардың өз ынтасы мен қабі-летіне сәйкес үйірме таңдауына көмектесуге, сонан соң үйірме мүшелеріне тапсырмаларды дұрыс бөліп беруіне мүмкіндік береді. Әр үйірме мүшелерінің саны 12-15-тен артық болмауы тиіс. Үйірме жұмысының жоспары мен мазмұнын мектеп оқушыларының ынтасымен, жеке басының ерекшелігі мен жас ерекшелігіне қарай құру керек. Бірақ үйірме жұмысының жалпы бағытын мұғалім алдын ала өзі анықтайды. Оны таңдап алу мұғалімнің көздеген мақсаты мен дайындық дәрежесінде, оқушылардың тілегіне, мектеп талабына, физика кабинетінің жабдықталуы жағдайына, материалдардың бар-жоғына және бірқатар басқа да факторларға байланысты.

Үйірме мүшесіне берілетін тапсырма әрі оның шамасы жететіндей, әрі жеткілікті дәрежеде күрделі болуы керек. Аса терең ойлану мен шығармашылықты қажет ететін тапсырманы орындағанда ғана оқушы моральдық қанағаттанушылық алатыны және оған пайдалы болатыны ескерілуі қажет. Сондықтан әр тапсырма олар үшін жаңа, сапа жағынан олардың жұмысының өсу сатысы болуы тиіс.

Үйірме сабағында газет, журналдардан ғылым мен техника жетістіктері туралы қызықты да маңызды мақалдармен үйірме мүшелерін таныстырып отыру пайдалы.

Физика пәні бойынша орындалатын сыныптан тыс жұмыстардың бәрі екі топқа бөлінеді.

I. Физика оқу бағдарламасының ауқымына кіретін сыныптан тыс жұмыстар. Оған физика сабақтарына қатысты жүргізілетін қосымша жұмыстар жатады: 1) бағдарламада көрсетілген экскурсияларды өткізу; 2) физикадан нашар үлгіретін оқушылармен істелетін жұмыстар (қосымша сабақ, әр балаға жеке түсіндіру, емтиханға немесе зертханаялық практикумға дайын-дау); 3)физиканы қызыға оқитын жеткіншектермен қиын және қызықты есептер шығару, физкабинетте зертханалық жұмыстар қою, демонстрациялық эксперимнтті даярлау, қолдан физикалық приборлар мен көрнекі модель – құралдар жасау, олимпиада өткізу, жаңа приборлармен танысу; 4) оқушылардың үй тапсырмаларын орындауға көмектесу (консультация, сын жұмыстарын орындауға жәрдемдесу, реферат-баяндамалар жаздырту, табиғат құрбылыстарын бақылау, үйде тәжірибелер жасау және әртүрлі өлшеулер жүргізу).

Мұндай жұмыстар физикалық оқу материалының қалыпты және нәтижелі өтілуіне, оқушылардың білімдері мен дағдыларының жүйелі түрде сапалы қалыптасуына, сынып оқушыларының жалпы үлгерімін жақсартуға жәрдемдеседі.

II. Физика оқу бағдарламасының шеңберінен тыс жататын жұмыстар. Олардың физика сабақтарына тікелей қатысы бола бермейді. Бұл оқушылардың еркі мен тілегі бойынша ұйымдастырылуы керек. Мұның жұмысы мынадай жұмыстардың түрлерінен тұрады: 1) оқушылардың арнаулы физикалық және политехникалық білімдерін тереңдету; 2) қолданбалы физика салаларын (электротехника, радиотехника, кинотехника, дыбыс техникасы т.т.) оқу; 3) физика-техникалық приборларды, қон-дырғылардың модельдерін жасау; 4) конструкциялық және өнер-тапқыштық жұмыстармен айналысу. Бұларды ұйымдастарудың да формалары сан алуан: қосымша әдебиеттерді оқыту, реферат жаздырту, физикалық кеш өткізу, тақырыптық көрмелер ұйымдастыру, қабырға газеттері мен бюллетеньдер шығару, физикадан конкурстар және конференциялар өткізу, үйірме жұмыстарын жүргізу т.б.

Оқушылардың қатысуларымен сыныптан тыс жасалатын жұыстар олардың жеке, топ болып және жаппай бәрі араласып істелетін жұмыстар болып 3-ке бөлінеді. Олар мезгіл-мезгіл (көрме, конкурс, конференция, физкабинетті жабдықтау, рефе-рат.т.б.) және периодты түрде (үйірме, газет шығау) жүргізіледі.

Физика пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстарын өткізудің негізгі ерекшелігі – оқушылардың өз қызығушылығы бойынша ерікті түрде таңдауы.

Оқушылардың қызығушылығы бойынша жұмыстың әртүрлі формасын ұйымдастыру олардың жеке қабілеттілігін қалыптастырып, дамыта алады, белгілі бір саладағы қызметкерлердің аса маңызды еңбек қызметі жөнінде түсінікке ие болады.

Физика пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі принциптердің бірі физика бойынша сабақтармен тығыз байланыс болып саналады. Бұл байланыстың екі жағы бар. Олардың біріншісі - физика пәні бойынша барлық сабақтан тыс жұмыстарда оқушылардың сабақта алған қабілеті мен білімі тірек болып табылады. Екіншісі - сабақтан тыс жұмыстардың барлық формасында ғылымға қызығушылығы бар және практика жүзінде іске асыра алатын оқушылардың физикаға деген қызығушылығын одан әрі арттыра түсіп, білімін тереңдетуге және кеңейтуге қажеттілік тудыру.

Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізгенде мұғалім негізінен мынандай мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді:

- Оқушылардың физика-техникалық білімдерін толықтыру, тереңдету, кеңейту, дамыту.

- Мектеп оқушыларының өз бетінде жұмыс істеуге ынта-ықыласын, шығармашылық және конструкциялық қабілеттерін арттыру.

-Жас жеткіншектердің политехникалық дағдыларын қалыптастыру.

-Оқушыларды оқулықпен, ғылыми-көпшілік әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.

- Жастарға саяси-экономикалық, ғылыми-материалистік, патриоттық, интернационалдық, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтан тыс уақыт қорының болуы мектеп оқуышыларының жан-жақты дамуына тиімді әсер етіп, олардың саяси-идеалық және рухани тәрбиеленуіне, оқушылардың белсенді өмірлік ұстаныма айналуы да әбден мүмкін.

Мектеп оқушыларымен сабақтан тыс жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі талаптары - барлық оқушыларды олардың қызығушылығы мен қабілеттілігіне қарай тарту, оқу және оқудан тыс жұмыстарының ұйымдасқан бірлігін, қоғамдық пайдалы бағытын, барлық мектептен тыс сабақтарға қызығушылығын, балалардың рөлдерін арттыру, балалардың өзін-өзі басқару органдары, мектептердің мептептен тыс мекемелерімен, қоғамдық және мемлекеттік ұйымдармен, ата-аналармен қарым-қатынасының болуы.

Физика пәні бойынша сабақтан тыс оқу-тәрбиелік тапсырмаларды талдау барысында мектеп оқушыларының сабақтағы және сабақтан тыс жұмыстарының негізгі мақсатын прнцип ретінде басшылыққа алу қажет.

Жалпы білім беретін мектептерде физика пәнін оқыту бары-сында мектеп оқушылары физика ғылымының негізі бағыттарын қоғамдық және ғылыми-техникалық дамудың негізгі талаптарына сәйкес терең және жете білуі қажет, оқушылардың өз білімін ұштастырсам деген ынта-жігерінің болуы және оны өз бетінше толықтырып, сараманда қолдана білуі керек. Жаңа буынды оқытып, тәрбиелеудің негізгі міндеті жоғары рухани байлығын арттыру, оқушыларды белсенді еңбек және қоғамдық қызметке дайындау, саналы түрде мамандық таңдауға көмектесу. Бұл міндеттердің тек физика сабағында шешімін табуы мүмкін емес. Оның көбі сабақ аясына сыймайтын әртүрлі жұмыс формалары мен әдістерін талап етеді. Физика сабағында сабақ жоспарымен келетін тақырыптарды үйренуде қатаң бекітілген сабақ уақыты мұғалім мен оқушының ынтасын шектейді. Сондықтан сабақта тақырыптың барлығын қамтып үлгермейтіндіктен сабақтан тыс уақытта оқып-үйрену қажет.

Қорыта айтқанда, жүйелі түрде жүргізілген сыныптан тыс жұмыс оқушылардың қабілетін дамытуға және олардың физика мен техниканың белгілі бір саласына деген ерекше ықыласын қалыптастыруға әсер етеді.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Жүсіпқалиева Ғ.Қ., Джумашева А.А., Құбаева Б.С. /Мектепте физика курсын оқытудың теориясы мен әдістемесі: Оқу құралы. 2012. – 195 б.

2. Айғараева Ғ. Радиоэлектроника: Оқулық. - Астана: Фолиант, 2010. – 216 б.



Библиографическая ссылка на статью:
Батырова А.Т., Сүлейменова Т. Орта мектептердегі радиоэлектроника үйірме жұмыстарын жүргізу жолдары // Онлайн Электрик: Электроэнергетика. Новые технологии, 2014.–URL: /articles.php?id=123 (Дата обращения: 16.04.2024)



Библиографическая ссылка на ресурс "Онлайн Электрик":
Алюнов, А.Н. Онлайн Электрик : Интерактивные расчеты систем электроснабжения / А. Н. Алюнов. – Москва : Всероссийский научно-технический информационный центр, 2010. – EDN XXFLYN.